КМҚК "Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжі

КМҚК "Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжі"

8 727 309 26 19 8 727 309 26 66

Жандосова 65

Тәрбие жұмысы

Бөлімнің басты мақсаты – білім алушыларды ұлтжанды, тәрбиелі, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, саналы азамат етіп қалыптастыру.

Негізгі міндеттері:
— Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу;
— Рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру;
— Құқықтық және экологиялық мәдениетті дамыту;
— Салауатты өмір салтын насихаттау;
— Кәсіби бағыт-бағдар беру және әлеуметтік бейімделуге ықпал ету;
— Жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, бос уақытын тиімді ұйымдастыру.

Іс-шара бағыттары:
— Патриоттық және әскери-патриоттық тәрбие;
— Рухани-мәдени кештер, әдеби-музыкалық кездесулер;
— Жастар ұйымдары және өзін-өзі басқару;
— Волонтерлік қызмет;
— Денсаулықты нығайтуға бағытталған спорттық жарыстар;
— Ұлттық дәстүр мен тарихқа негізделген тәрбиелік жобалар.

Бөлім қызметкерлері:
Тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары, топ жетекшілері, педагог-психолог, әлеуметтік педагог және клуб жетекшілері бірлесіп жұмыс істейді.

Тәрбие бөлімінің маңызды бағыттарының бірі — білім алушылардан құралған «Ұлағат» өзін-өзі басқару ұйымы. Бұл ұйым студенттердің оқу орнының қоғамдық өміріне белсенді қатысуын қамтамасыз етіп, олардың көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.

Ұйымның негізгі қызметтері:
Студенттердің мүдделерін қорғау: Оқу процесіне қатысты ұсыныстар мен пікірлерді колледж әкімшілігіне жеткізу.
Әлеуметтік және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру: Мәдени-көпшілік, спорттық және қайырымдылық іс-шараларды өткізуге атсалысу.
Көшбасшылық қабілеттерді дамыту: Студенттер арасында көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған тренингтер мен семинарлар ұйымдастыру.
Колледж ішіндегі тәртіп пен этикалық нормаларды сақтау: Студенттер арасында тәртіп пен мәдениеттілікті насихаттау.

«Ұлағат» өзін-өзі басқару ұйымының белсенділері колледжіміздің атынан қалалық және республикалық деңгейдегі түрлі сайыстарға қатысып, үздік нәтиже көрсетіп жүр. Олар өз білімдері мен ұйымдастырушылық қабілеттерін шыңдап қана қоймай, колледждің мәртебесін көтеруге зор үлес қосуда.

Қосымша ақпарат:
Ұйым құрамы: Қазіргі таңда ұйым құрамында 40 студент бар
Ұйым жетекшісі: Қамбар Дәурен Жомартұлы
Ұйым президенті: Әзімхан Мәди Мәуленұлы

Колледжде білім алушылардың спорттық белсенділігін арттыру мақсатында келесі үйірмелер жұмыс істейді: волейбол, футбол, шашки, шахмат, тоғызқұмалақ, баскетбол. Бұл үйірмелер бекітілген кесте бойынша өткізіледі.

Сонымен қатар, жатақханада тұратын қыздарға арналған «Қарлығаш» қыздар клубы жұмыс істейді. Бұл клуб тәрбиелік, рухани және мәдени бағыттағы шараларды қамтиды.

ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ:
 09.2006 — 09.2007
– «Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі» МКҚМ,
Лаборант, сағат есебіндегі арнайы пәндер мұғалімі.
09.2007 — 09.2009 – «Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі» МКҚМ,
Арнайы пәндер мұғалімі, кәсіподақ комитетінің төрағасы.
09.2009 -11.2010 – «Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі»МКҚМ,
«Локомотив шаруашылығы» бөлімінің меңгерушісі.
11.2010 — 04.2012 – «Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі»МКҚМ,
Арнайы пәндер мұғалімі.
04.2012 -12.2012 – «Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі» МКҚМ,
«Вагон шаруашылығы» бөлімінің меңгерушісі.
12.2012 -11.2018 – «Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі» МКҚМ, Директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары,
«Нұр Отан» партиясының бастауыш партия ұйымының төрағасы.
11.2018 — 09.2019 – «Алматы темір жол көлігі колледжі» БМ, Директордың жаңа инновациалық технологиялар жөніндегі орынбасары.
09.2019 — 05.2021 – М.Тынышбаев ат. ҚазККА «Алматы көлік колледжі», Директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары.
05.2021- 07.2021 – С.Аманжолов атындағы «Шығыс Қазақстан университеті» КеАҚ, Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары бойынша проректор.
07.2021-10.2021 –М.Тынышбаев ат. ҚазККА «Алматы көлік колледжі», Директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары.
10.2021 – 11.2023- М.Тынышбаев ат. ҚазККА «Шымкент көлік колледжі», Колледж директоры.
11.2023 — Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Алматы облысы бойынша филиалының директоры
06.2024 – «Алматы энергетика және электронды технологиялар коледжі» КМҚК Колледж директоры.

Абызбаев Бақдаулет Ермаханович