КМҚК "Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжі

КМҚК "Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжі"

8 727 309 26 19 8 727 309 26 66

Жандосова 65

Sanaly urpaq

«Саналы ұрпақ» студенттік клубы
«Саналы ұрпақ» жобасы — ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен 2018 жылдан бастап білім беру ұйымдарында жүзеге асып келе жатқан республикалық деңгейдегі ауқымды жоба. Бұл кеңсе колледждер мен жоғары оқу орындарында адалдық, ашықтық, әділдік және сенімділік қағидаттарына негізделген орта қалыптастыруға бағытталған.
Жобаның мақсаты:
— Жастардың бойында қоғамға, мемлекетке, білімге адал көзқарасты қалыптастыру;
— Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты иммунитетті дамыту;
— Білім беру ордаларында әлеуметтік әділеттілік пен ашықтықты қамтамасыз ету;
— Құқықтық сауаттылықты арттыру арқылы азаматтық белсенді жастарды тәрбиелеу.

Міндеттері:
1. Білім алушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу:
Арнайы дайындалған бейнероликтер, ақпараттық бұрыштар, жадынамалар арқылы жемқорлықтың зияны туралы насихаттау.
2. Клубтың ішкі құрылымын дамыту:
Жоба аясында президент, вице-президент, хатшы және бірнеше бағыттағы секторлар (ақпараттық, ұйымдастыру, қоғамдық бақылау) құрылып, нақты функциялар атқарады.
3. Іс-шаралар ұйымдастыру:

— Дөңгелек үстелдер, пікірсайыстар, флешмобтар, челлендждер;
— Адалдық сағаттары мен кездесу-сабақтар;
— Сауалнама, мониторинг, әлеуметтік зерттеу жүргізу.
4. Жемқорлыққа қарсы қоғамдық бақылау жүргізу:
Колледж ішіндегі кез келген бөлімдегі ашықтықты қадағалау (талапкерлерді қабылдау, тамақпен қамту, жатақхана бөлінуі, т.б.)
5. Еріктілермен және басқа да жастар ұйымдарымен тығыз байланыс орнату.

Ұйымның құрылымы:
— Ұйым 180 белсенді білім алушыдан құралған;
— Ұйым жетекшісі колледж заңгері: Марал Саркытовна
— Әр сектордың жетекшісі өз бағыты бойынша жұмыс жоспарын бекітіп, ай сайын есеп береді.

Жылдық жоспарлау:
Жоба жұмысы оқу жылының басында (қыркүйек) арнайы бұйрықпен бекітіліп, жұмыс жоспары жасалады. Жоспарға сәйкес жыл бойы түрлі бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылады. Олардың нәтижелері ай сайын және тоқсан сайын баяндамалар мен фотоесептер арқылы ұсынылады.

Күтілетін нәтиже:
— Колледжде әділетті, ашық және адал орта қалыптасады;
— Білім алушылардың құқықтық мәдениеті мен азаматтық белсенділігі артады;
— Жастар жемқорлыққа қарсы иммунитетпен қаруланады;
— Білім беру процесінің барлық кезеңінде әділеттілік пен сенімділік қамтамасыз етіледі.

ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ:
 09.2006 — 09.2007
– «Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі» МКҚМ,
Лаборант, сағат есебіндегі арнайы пәндер мұғалімі.
09.2007 — 09.2009 – «Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі» МКҚМ,
Арнайы пәндер мұғалімі, кәсіподақ комитетінің төрағасы.
09.2009 -11.2010 – «Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі»МКҚМ,
«Локомотив шаруашылығы» бөлімінің меңгерушісі.
11.2010 — 04.2012 – «Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі»МКҚМ,
Арнайы пәндер мұғалімі.
04.2012 -12.2012 – «Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі» МКҚМ,
«Вагон шаруашылығы» бөлімінің меңгерушісі.
12.2012 -11.2018 – «Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі» МКҚМ, Директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары,
«Нұр Отан» партиясының бастауыш партия ұйымының төрағасы.
11.2018 — 09.2019 – «Алматы темір жол көлігі колледжі» БМ, Директордың жаңа инновациалық технологиялар жөніндегі орынбасары.
09.2019 — 05.2021 – М.Тынышбаев ат. ҚазККА «Алматы көлік колледжі», Директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары.
05.2021- 07.2021 – С.Аманжолов атындағы «Шығыс Қазақстан университеті» КеАҚ, Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары бойынша проректор.
07.2021-10.2021 –М.Тынышбаев ат. ҚазККА «Алматы көлік колледжі», Директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары.
10.2021 – 11.2023- М.Тынышбаев ат. ҚазККА «Шымкент көлік колледжі», Колледж директоры.
11.2023 — Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Алматы облысы бойынша филиалының директоры
06.2024 – «Алматы энергетика және электронды технологиялар коледжі» КМҚК Колледж директоры.

Абызбаев Бақдаулет Ермаханович